АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада экологиялық патруль қызметі өз жұмысын бастады, оның құрамына 50 студент пен табиғат қорғау полициясының 25 өкілі енді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөзы қызметінен.

Патруль қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз факторлардың ықпал етуінің артуына байланысты ұйымдастырылып отыр.

– Экологиялық патрульдің негізгі қызметі – табиғат қорғау заңнамасы нормаларын бұзудың себептерін анықтау. Студенттер бұзушылықтарды тіркеп, Астана қаласының ІІД-не жолдайды, – деді Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.

Жалпы, жергілікті полиция қызметі бұзушылықтарды анықтау үшін қаланы патрульдеу бойынша 10 рейд өткізуді жоспарлап отыр, студенттер де экологиялық бұзушылықты тіркеген жағдайда, кез келген уақытта хабарласа алады.