АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өңірде мұнай кеніштерін игеріп жатқан 4 мұнай компаниясы алауда 373 млн. текше метр газ жақты.

«2015 жылы облыс бойынша 12 мұнай компаниясы 15,1 млрд. текше метр ілеспе газ өндірді. Олардың ішінде 4-уі – «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Самек интернейшнл» және НКОК БВ, газды кәдеге жаратумен қатар, оны факелдерде жағып жіберді. Осы компаниялар өткен жылы 373 млн. текше метр ілеспе және табиғи газды жағып жіберді», – деп хабарлады Атырау облысы экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов.