ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде қалдық өңдеп, сұрыптайтын зауыт салынады. «Янб Хэ» компаниясы қала билігімен бірлесіп, өз қаражаты есебінен экологиялық жағдайды жақсартуды қолға алды.

Зауыт құрылысы Өскемен әкімдігі мен «Янь Хэ» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның аясында өтеді. Бұл кәсіпорын өз қаражатына қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау зауытын салады. Алдын ала деректер бойынша ол Шмелова жырасы ауданында  3,5 гектар алаңда салынады.

Бұл туралы қала әкімі ретінде өзінің алғашқы баспасөз конференциясында ӨКҚ-да Ерлан Аймұқашев мәлімдеді.

«Өскемен қоқыс өңдеу зауытымен меморандумға қол қойылған, алайда ол өз міндеттемесін орындамайды. Бүгін біз шартты бұзу туралы сотқа өтініш бердік. Бөлінген учаскеде қытайлық компания жұмыс істейді. Бұл жұмыс Ұлт жоспарын практикалық іске асыруға кіреді», – деді әкім.

Облыс орталығының басшысы Өскемен әкімдігімен 2020 жылға дейін көлікті газға ауыстыру арқылы атмосфераға шығарындыларды азайтудың кешенді жоспары қаралып жатқандығын мәлімдеді. Газ құю бекеттерін құру үшін инвестиция құятын кәсіпкерлер жеткілікті тартылмауда.

 Дерек көзі: www.inform.kz