АСТАНА. ҚазАқпарат – Маусым айында толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын біраз әбігерге салды. Қала көшелерінің барлығы дерлік суға толып, арық жүйелері мол су өткізуге қауқарсыз екенін көрсетті. Қазірдің өзінде тау бөктерінде орналасқан 70 үй мен 50-ге жуық нысанды су алып кету қаупі бар. Сондықтан коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бүгінде Есентай және Қарасу өзендерінің арнасын кеңейтіп, қауіпті деген жерлерді нығайтып  жатыр.

Бұл туралы 24.kz хабарлап отыр.

Қала аумағы арқылы жалпы ұзындығы 200 шақырым болатын 28 өзен ағып жатыр. Олардың арнасын жөндеу жұмыстары өткен ғасырдың 60 жылдары басталған. Әлі күнге дейін жалғасуда. Қазір Жетісу ауданында Есентай өзенінің 4,5 шақырымы, ал Түрксіб ауданында Қарасу өзенінің 4 шақырымы жөнделуде.

«Жалпы Алматы қаласы бойынша 2014-2015 жылы қосылған жерлер бар. Солардың бәрін қосқанда 320 километрден астам өзен арналары бар. Алматы қаласы әкішілігі осы 2007-2015 жылдар аралығынада 120 километрден астам жерді осылай қайта жаңғырту, нығайту жұмыстарын жүргізген. Қауіпті-қауіпті жерлер бар. 30 шақырымдай жерді құрайды. Оның барлығы қай жерде екені белгіленген», – дейді қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев.

 Дерек көзі: www.inform.kz