АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр. Арал ауданына келген соң Кәрім Мәсімов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу бойынша жұмыс сапасын бағалады, деп хабарлады Pm.kz.

Жауапты тұлғалар Кәрім Мәсімовке «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

 Дерек көзі: www.inform.kz