АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь пен Қазақстанның орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Орман шаруашылығы министрі Михаил Амельянович бастаған белоруссиялық делегацияның Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен кездесуде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады БЕЛТА  Беларусьтің СІМ-ге сілтеме жасап.

Ведомствода кездесуге Қазақстандағы Беларусь елшілігі, орман шаруашылығы ұйымдарының, білім және ғылым мекемелерінің өкілдері қатысқанын айтты.

“Тараптар орман шаруашылығы ұйымдары, салалық білім беру мекемелері мен ғылыми мекемелер арасындағы тікелей байланысты дамыту мәселесін көтерді. Олар екі ел арасындағы ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға септесу керек екенін айтты”, – деді баспасөз қызметінде.

Кездесуге қатысушылар орман шаруашылығын басқару және ормандарды пайдалану салаларының қазіргі жағдайы мен өзара ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі шараларын атады. Келісілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.

4-5 тамызда белоруссиялық делегация Қазақстанның Зеренді кентінде өтетін ТДМ елдерінің орман өнеркәсіп кешені және орман шаруашылығы бойынша үкіметаралық кеңестің 16-шы отырысына қатысады деп жоспарланған.

Дерек көзі: www.inform.kz