Кәріз суын көлге құю тоқтаған күннен бері қалдықтарды шығару жұмыстары қырқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде жоспардың 70 пайызы орындалған. «Талдыкөлдің тазалығын ойлаған мамандар ендігәрі лас суды жолатпаймыз», – дейді.  Көл маңын көгалдандырып, саябаққа айналдыру жоспарлануда.   Шыңғыс Айтматов көшесінде тұратын жұрт жақсы біледі, көлден келетін кермек иісті.  Осы уақытқа дейін айта-айта шаршаған олар: «Қазір бұрынғыдай иіс жоқ», –дейді. Бірақ ара-тұра желмен жарасып келіп тұратынын жасырмайды. Александра Долинская, қала тұрғыны  -Иіс көктем мезгілінде және жаңбыр жауғанда сезіледі. Ал қалған уақыттарда ауа таза болып тұрады. Талдыкөлді тазалау жұмысы 2015 жылдан мықтап қолға алынды. Шетелден арнайы техника әкелініп, қалдықтар шығарыла бастады. Нәтижесінде 380 мың тонна балшық сорылды. Тимур Әбижанов, Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары -Талдыкөлдің түбіндегі бүкіл қалдықтарды шығарамыз қазір. Тамыз айында бүкіл жұмыстарды бітіреміз. Сосын құрылыс жұмыстарын өткіземіз.  Бүгінде сарқынды су арнайы тазарту қондырғыларына келіп, механикалық, биологиялық және қосымша сүзгілерден өтіп, Есілге құйылып жатыр. Жуық арада тағы жаңа құрылғылар қойылып, жұмысты едәуір жеңілдетпек. Сәкен Сейітханұлы, тілші -Талдыкөлдің жағасында қазір терең тыныстауға болады. Бұрынғыдай қолқаны қабатын қоламса иіс сезілмейді. Өйткені тазарту жұмыстары аяқталуға жақын. Мамандардың сөзіне сенсек, алдағы екі айда көл толғымен таза болады. Ал тұрғындардың айтып жүрген «сасық иісі» мына ми батпақтан шығып жатыр екен.  Қаладағы құрылыс қарқынын ескерсек, алдағы уақытта бұл жер топырақпен жабылып, тегістеледі. Сөйтіп жағымсыз иістен жұртшылық құтылады.

Источник:  www.khabar.kz