Дереккөз: Bnews.kz

ec0c885d4f1bb996cf33abbc08a715fa_crop_l_17_t_312_w_4267_h_2400_resize_w_840_h_Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан» павильоны құрылысының барысымен, сондай-ақ Конгресс-орталық ғимаратымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмені отандық және шетелдік ғылым үшін  қызығушылық тудыратын сапалы инновациялық әзірлемелер арқылы толықтырудың маңыздылығын атап өтті.

***

Ұлттық павильон орналасқан шар тәріздес ғимараттың тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясының мұражайы» ретінде көрініс тапқан. Ғимараттың 7 қабатында энергияның негізгі түрлерін таныстыру жоспарлануда.

Конгресс-орталық халықаралық конгрестер, конференциялар, симпозиумдар, концерттер және басқа да іс-шаралар өтетін көпфункциялы мәдени-сауықтыру нысаны болмақ.