АСТАНА. ҚазАқпарат  – Қазақстаннан «жасыл энергетиканы» дамытудағы қуатты импульс барша әлемге тарауда. Мұндай пікірді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген  Greenpeace халықаралық ұйымы саяси бөлімінің жетекшісі (Германия, Берлин) Тобиас Мюнхмейер білдірді.

«Біздің Greenpeace ұйымымы Қазақстан Президентінің G20-ға мүше мемлекеттерді Астанада өтетін халықаралық мамандандырған көрме аясында жеке шара өткізу арқылы ЭКСПО-2017-ге белсенді қатысуға шақыруын қолдайды. ЭКСПО-207 тақырыбы  «Болашақ энергиясы», яғни, қоршаған ортаға балама, достық қарым-қатынасты дамыту. Біз Астанадан «жасыл энергетиканы» дамытудағы және қоршаған ортаны қорғауда қуатты импульс барша әлемге тарап жатқанын көріп отырмыз»,-  деді ол.

Оның айтуынша, Greenpeace ЭКСПО-2017 көрмесін асыға күтетін болады.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммитінде барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, оның аясында үлкен жиырмалықтың қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды.

«Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын, Париж келісімін және «жасыл экономика» ұстанымдарын жүзеге асыруға белсенді жәрдемін береді. Оған 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі де септігін тигізеді. Мұнымен қатар біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне белсенді қатысуға шақырамын. Оның аясында «G-20» қамқорлығымен сәйкесінше іс-шаралар өтізуге де болар еді», – деді ҚР Президенті.

Дерек көзі: www.inform.kz