АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-і табиғатқа келтірген зияны үшін 100 млн. теңгеден астам сомада айыппұл төледі.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратура тексерісі кезінде қоршаған ортаға эмиссияларға қарастырылған рұқсаттарсыз  Сары Құм кен орнында 2014-2015 жылдар кезеңі ішінде әктас өндіруді және қайта ұқсатуды жүргізуден көрініс тапқан  экологиялық заңнаманы бұзулар анықталды.

«Кәсіпорынның кен орнында әктас өндіруді және қайта ұқсатуды жүргізу кезінде атмосфералық ауаға рұқсатсыз шығарындылар салдарынан  қоршаған ортаға келген нұқсан 79 млн. теңгеден астам соманы құрады. Сондай-ақ, кәсіпорын прокурорлық әрекет етудің нәтижесінде салық төлемдерінен кеткен кінәрат үшін 17 млн. теңге, оған қоса 12 млн. теңге әкімшілік айыппұл төледі», делінген хабарламада.

 Дерек көзі: www.inform.kz