Дереккөз: www.24.kz

Астана қ., 2016 жылғы 26 желтоқсан

Бүгін ЭКСПО ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов Вьетнамның  ҚР-дағы Төтенше және уәкілетті  елшісі Доан Тхи Суан Хиенмен және Вьетнамның Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кханьмен кездесті.

Тараптар кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелері талқылады. Ахметжан Есімов вьетнамдық тарапты Көрмеге дайындық бойынша жүргізілудегі жұмыспен таныстырды. Сондай-ақ ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 8 мемлекет өкілдеріне толтыру үшін павильондар тапсырылғандығын айтты. Сондай-ақ ол Вьетнамның Ұлттық секция павильоны тапсыруға дайын екендігін және аталған павильонның қызметкерлері үшін пәтерлерді алуға болатындығын атап өтті.

«Біз ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша Вьетнам тарапына жәрдем көрсетуге дайынбыз. 29 тамызда -Вьетнам Республикасының Ұлттық күнін өткізу оқиғасы бойынша  салтанатты іс-шараны бірге дайындаймыз. Сонымен қатар, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, онда ҚХР, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және т.б. сияқты мемлекеттердің Мемлекет басшылары қатысады. Біз Вьетнам Социалистік Республикасының жоғары мәртебелі тұлғаларын асыға күтеміз», –  деді Ахметжан Есімов.

«Соңғы жылдары біз елімізде көптеген өзгерістер көрудеміз. 2017жылы  біздің елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады. Сондықтан біз ЭКСПО-2017 көрмесінде бірнеше мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге ниет білдірудеміз. Аталған кезеңде біз Вьетнам павильонын толтыруға белсенді дайындалудамыз», – деп атап өтті Вьетнам Ұлттық секциясының комиссары Нгуен Чунг Кхань.

Тараптар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.