Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайты

Саудовская Аравия представит на Выставке ЭКСПО-2017 высокотехнологичные проекты

Дереккөз: EXPO2017

Астана қ., 2 мамыр 2017ж.

Көрме ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ұлттық компания басшысы министрді ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы мен құрылыс ахуалымен таныстырып өтті.

«Барлық жұмыстар аяқталу кезеңіне таяу. Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер павильондарын толтырумен қарқанды айналысуда. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін», — деді А. Есімов.

Халид әл Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшейюіне септігін тигізбек.

«Біздің ел карбоннан жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы сала бойынша жаңа жобалар алып келеміз», — деді министр.

20170505

Басты бетке