ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы тамыздың 16-нан 18-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Өскемен ЖЭО» ЖШС, ҚР ЭМ «Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Байкал» филиалы, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаменті» РММ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Қалдықтар бөлігінде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар;
  • Қалдықтарды басқару саласындағы заңнама;
  • Табиғат пайдаланушыға берілетін негізгі экологиялық талаптар;
  • Қалдықтарды орналастыру бөлігінде эмиссияларға рұқсат алу қажеттілігі;
  • ҚОӘБ және жобалық құжат құрамындағы қалдықтарды басқару бағдарламасының жобаларын әзірлеу және т.б.

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті  директорының орынбасары;

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абилова Ляйа Толегеновна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.