В Алматинской области раскрыли фальсификацию материалов в отношении рыбацкой артели

Дереккөз: www.24.kz

Aлматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жауапты тұлғалар «Алакөл жағасындағы балықшыларға жарты тоннадан астам балықты заңсыз аулады» деп жалған хаттама толтырған. Соның кесірінен маусымдық жұмысқа байланысты жасалған келісімшарт бұзылып, жұмысы тоқтап қалған кәсіпкерлердің бірі Алакөл аудандық прокуратурасына шағымданды. Нәтижесінде инспекторлардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді олар заң алдында жауап беретін болады.

Әділет Әлімқұлов, Алакөл аудандық прокуратурасының аға прокуроры:

– Жасалмаған құқықбұзушылықтарды жасады деп әкімшілік хаттама толтырған. Бейсембаев шаруа қожалығының арызын тексеру кезінде аталған шаруақожалық басшысының уәждері толығымен дәлелін тапты. Арнайы экспертиза қорытындысы негізінде жалған хаттамалар толтырылғаны анықталып отыр.