237 бизнесменов с особыми потребностями появились Акмолинской области

Дереккөз: www.24.kz

Ақмола облысында 28 мың 702 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады, оның ішінде 237-сі кәсіпкерлікпен айналысады.

Биылғы жылы олар өз кәсібін өркендетуге 20 млн теңгеге жуық несие алған. Солардың бірі – Жақсы ауылының тұрғыны Байтас Мусин. Жұбайы және 3 баласымен еңбек ететін Мусиндердің отбасылық шаруашылығында қазақтың 40 ақ бас ірі қарасы бар. Оның 15-і сауын сиыр. Төрт мүшесі түгел адамнан артық шаруа жасап, табыс тауып, 9 млн теңге несие қаражатын мерзімінен бұрын қайтарып отырған мүгедек жанның тіршілігі кімге болса да үлгі боларлықтай. Еске сала кетейік, Ақмола облысының Жақсы ауданының өзінде мүмкіндігі шектеулі 600 адам тұрады.

Байтас Мусин, Жақсы ауылының тұрғыны:

– Өзіңнің қандай шаруамен айналысатыныңды анықтап алу керек. Маған жылқы бағу, қой өсіру сияқты ұсыныстарды да айтты. Мұның бәрі келешекте болады. Рената Тілепова, Жақсы аудандық жұмыспен қамту және ӘБ бөлімі басшысының орынбасары: – Бұл адам бойындағы ерік-жігердің, өмірге деген құштарлық пен махаббаттың нағыз үлгісі деп есептеймін. Өзі мүгедек жан бола отырып, отбасылық кәсіппен айналысу үшін несие алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Осы кісіден үлгі алған тағы көптеген мүмкіндігі шектеулі жандар жүк тасымалдау, шаштараз ашу, дәріхана мен дүкен ашуға ұмтылыс жасап жатыр.