Казахстан и Россия подписали Дополнительный протокол к Соглашению о разграничении дна северной части Каспийского моря

Дереккөз: www.kz.energo.gov.kz

Бүгін, 9 қарашада,  Челябі қаласында Қазақстан және Ресей мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтіп жатқан аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы шеңберінде Н.Назарбаев пен В.Путин жер қойнауын пайдаланудың тәуелсіз құқығын іс жүзіне асыру мақсатындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін шектеу туралы Келісім Хаттамасына қосымша Хаттамаға қол қойды.

Аталмыш Хаттама «Құрманғазы» жобасы бойынша келісімшарттық аумақтың ұлғаюын қарастырып, Операторға төрт жылға дейін ұзартуға мүмкіндік қарастыратын алты жылдық мерзімге дейін қосымша барлау мерзімі беріледі.

«Құрманғазы» жобасы бойынша өкілетті ұйым болып «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүзпайыз еншілес компаниясы – «МНК «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС (50%) мен «Роснефть» ҰК АҚ (50%) табылады. Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан.