Пресс-релиз о проведенном семинаре с 14 по 15 декабря 2017 года на тему «Экологический кодекс. Правоприменение»

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2017 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Қызылорда қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС, «AkDiEr» ЖШС, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ, «Компания-Даулет Азия» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын әзірлеу;
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар;
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау;
  • Жобалық құжат құрамындағы ҚОӘБ жобаларын және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу;
  • Қалдықтарды орналастыруға рұқсат алу;

Дәріс оқығандар:

Досмакова Бизара Жакиевна – ҚР ЭМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары;

Абдрахманова Жанара Беркутовна ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.