Израильдегі мереке аясында Н.Назарбаев атындағы саябаққа көшет отырғызылды

Дереккөз:  www.24.kz

0333d18ab223899e2fc507344eb95607_l

Израиль халқы Ту би-Шват мерекесін тойлап жатыр. Жұртшылық мұны «ағаштардың жаңа жылы» ретінде атап өтеді.

Дәстүрлі мерекенің ең басты шарасы – жаппай көшет отырғызу. Жергілікті халық дәстүрі бойынша сол елдегі Қазақастан елшілігінің қызметкерлері де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябаққа көшет отырғызды. Мұндағы ағаштардың алғашқысы бұдан 18 жыл бұрын егілген. Содан бері елшілік мамандары оларды қамқорлығына алып, жасыл желекке айналдырды. Бүгінде Қазақстаннан Израильге барған делегацияның барлығы осы саябаққа арнайы келіп, бір сәт тыныс алуды игі дәстүрге айналдырған.

Игаль Ясинов, Еврей ұлттық қорының атқарушы директоры:

– Израильдің тұңғыш президенті Хаим Вайцман атындағы орманда тұрмыз. Мұнда өзге елдің президентінің атымен аталған жалғыз саябақ бар. Мұндай арнайы құрметке Н.Назарбаев ие. Бір кездері Қазақстан бізге дипломатиялық тұрғыда үлкен қолдау көрсетті. Сондықтан біз де құрметімізді көрсеттік.