2018 жылғы сәуірдің 18-нен 20-на дейінгі мерзім аралығында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы сәуірдің 18-нен 20-на дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Парниктік газдарды түгендеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Жылу», ШЖҚ МКК«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті», ШЖҚ РМК «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Жеке тұлға.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Парниктік газдар шығарындылары мен шығарындыларын жою саласындағы мемлекеттік реттеу (ҚР Экологиялық кодексі);
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
  • Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау және есеп беру талаптары;
  • Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
  • Қазақстан Республикасында парниктік газдардың эмиссиясы мен сіңірілуін реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар;
  • Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептерді дайындау және түгендеу және т.б.

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Сергазина Гульмира Халеловна – Тәуелсіз сарапшы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК ҚОҚҰБДжәнеЭАТ басқармасының басшысы;

Мендигарина Акбота Айбеккызы –  ҚР ЭМ АҚ “Жасыл даму” бас маманы;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.