Астанада Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі өтті

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 25 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінде Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен энергетика саласындағы мұнай-газ кешенін дамыту бөлігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған кездесуі өтті.

Кездесуге ҮЕҰ, салалық кәсіптік одақтардың, халықаралық ұйымдардың, азаматтық сектордың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және Министрлік қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.

Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаев Министрліктің басты бағыттары, қызметінің нәтижесі, іске асырылып жатқан реформалар және мұнай-газ кешенін дамыту міндеттері туралы қысқаша баяндама оқыды.

Отын-энергетикалық кешені және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Мұнай және газ жөніндегі комиссиясының қызметі туралы басшысы сөз сөйледі.

Ресейдің Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының өкілі мұнай-газ және тау-кен өндіру компанияларының экологиялық жауапкершілік саласындағы ашықтығы рейтингімен таныстырды.

Мұнай-газ кешенінің өзекті мәселелері талқыланды және Энергетика министріне ресурс ұстаушылардың мұнай-газ өнімдерін сатуға электронды сауда алаңдарын енгізу, Астана қаласын газдандыру, мұнай сервисі мәселелері жөнінде сауалдар қойылды.

31301890_827425850798986_6677586526416666624_n 31311368_827425854132319_7562210834315739136_n