Қазақстанда биогазды қолдану мүмкіндігі талқыланды

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Астанада Ғаламдық метан  бастамасының қолдауымен 2018 жылдың   16 мамырында семинар өткізілді. Семинарда Қазақстанда энергияны өндіру үшін биогазды қолдану мүмкіндігі талқыланды.

Бұл іс-шараны, «Тұрақты дамуға жәрдемдесу орталығы», «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға 35 адам қатысты, оның ішінде Ғаламдық Метан Бастамасы (GMI), мемлекеттік органдар, қаржы институттары, бизнес қауымдастықтар, кәсіпорындар.

Қатысушыларды ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Соспанова А.С., Ғаламдық метан бастамасының (GMI) атқарушы директоры Моника Шимамура, Тұрғын үй құрылысын дамытудың Қазақстандық ғылыми-техникалық орталығының бас директоры Махамбет А.Қ., Еуропа қайта құру және даму банкінің жетекші банкирі Файзиев Б., «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығының атқарушы директоры Мустафина В.В қарсы алды.

  • Семинардың бірінші сессиясы Қазақстан Республикасындағы жаңартылатын энергия көзі ретінде биогазды пайдалану жағдайына арналды. Сессияда Қазақстандағы метан эмиссиясын түгендеу нәтижелері, биогаз қондырғыларына шолу және Орталық Азия елдеріндегі «Water-Waste-Energy» бастамасы бойынша салалық сарапшылардың сөз сөйлеуі атап өтілді.
  • Екінші сессия тақырыбы Қазақстанда биогаздық қондырғыларды пайдаланудың мүмкіндіктері мен келешегіне, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыратын жобаларға арналды.
  • Семинардың үшінші отырысына Қазақстанда биогаздық қондырғылар құрылысын жоспарлап отырған кәсіпорындар қатысты. Олар әрі қарай  жүзеге асыру жоспарлары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ шетелдік компаниялар қалдықтардан биогаз алу үшін ең жақсы технологияларды ұсынды.

Семинар соңында Қазақстанда биогазды қолдану жайында үлкен пікірталас өткізілді. Биогаз үшін аукциондар өткізу, бекітілген тарифтерді белгілеу, салаға инвестиция тарту, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру сияқты маңызды мәселелер қаралды.

Семинар мен талқылаулардың қорытындысы бойынша қатысушылар семинар-кеңестің шешімінде көрсетілетін ұсыныстар мен ұсынымдарды ұсынды. Бұл қаулы  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне, Ғаламдық метан бастамасына және басқа мүдделі ұйымдарға жіберіледі.

20180516_100647