Астанадағы «Чемпиондар аллеясында» танымал спортшылар ағаш отырғызды

Дереккөз: www.24.kz

958f079f13269a5aba31809b23ee8273_l

2014 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жүлдегері Отгонцэгцэг Галбадрах, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында еліміздің байрағын көтеріп шыққан Абзал Әжіғалиевтің енді өз ағаштары пайда болды.

«Мен мұндай қызықты жобаға қатысқаныма қуаныштымын. Өйткені, біз қайырымды іс тындырдық. Кез келген ер адам ағаш егіп, жаңа өмірдің басталуына себепші болуды армандайды. Спортшының мансабы он жылға созылуы мүмкін, ал ағаштар жүздеген жылдар бойы өмір сүреді. Бұл мен үшін үлкен оқиға. Болашақта менің отбасымның мүшелері осы аллеяға келіп, өз әулеттерінің бөлшегі бар екенін сезінсе, бұл – бақыт», – дейді Денис Тен.

Бүгінде Денис елорданың 20 жылдығына арналған «Денис және оның достары»  мұзды шоуына қарқынды дайындық жүргізіп жатыр.