БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 24-ші конференциясы бойынша баспасөз хабарламасы

Дереккөз: www.energo.gov.kz

2018 жылғы 11 және 12 желтоқсанда Катовице қаласында (Польша) БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 24-ші конференциясының жоғары деңгейдегі сегменті өтті. Бұл жыл сайынғы маңызды іс-шара болып табылады. Онда климаттың өзгеру мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер әзірленеді.

Осы жылғы конференцияның басты міндеттерінің бірі –  Париж климаттық келісімін іске асыру бойынша «Ережелер жинағын» қабылдау. Бұл қатысушыларға парниктік газдардың шығарындыларын азайтуды, төмен көміртекті технологияларға инвестициялар тартуға және экономиканы өзгермелі климат жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысу үшін Катовице қаласына 197 елден 30 мыңға жуық делегат келді, оның ішінде БҰҰ Бас хатшысы А. Гутереш, БҰҰ ИКК Хатшылығының Басшысы П. Спиноза, мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі министрлер, ЕО, ЭЫДҰ, халықаралық қаржы институттарының басшылары, сондай-ақ А. Гор, А. Шварценнегер сияқты белгілі саяси қайраткерлер де бар.

Қазақстандық делегация басшысы – ҚР Энергетика Вице-министрі Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде Қазақстанның ЖЭК, көміртегі саудасы мен энергия тиімділігін арттыруды қоса алғанда, экономиканың барлық секторларында Париж Келісімін жүзеге асыру саясатын дәйекті жүргізіп келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, «Ережелер жинағын» қабылдау климаттың жаһандық өзгерістерімен бірлескен күрестегі прогреске қол жеткізу және оған бейімдеу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Халықаралық Климаттық шарттардың тарапы бола отырып, Париж келісімін ратификациялады. Парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 1990 жылғы деңгейден 15% – ға қысқарту бойынша ерікті үлес қабылдады. Климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес жөніндегі негізгі ережелер біздің мемлекетіміздің 2025 жылға арналған Стратегия, «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама және т. б. сияқты стратегиялық құжаттарында көрсетілген.

Сонымен қатар, конференция барысында ынтымақтастық мәселелері бойынша басқа елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық қаржы институттарымен және жаһандық бастамалармен екіжақты кездесулер өткізілді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі