Кіші Талдыкөл көлін құрғату экожүйеге зардабын тигізуі мүмкін – Мағзұм Мырзағалиев

Источник – www.inform.kz

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын болды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Бүгін Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Біздің министрліктің пайымынша, көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін»,- деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында.

«Алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе осы мәселені толық зерттеуге келістік. Енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатын болады»,-деді министр.