«Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне бейімделу» оқу курсы»

Истчоник – www.gov.kz

Министрліктің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті 28 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында, онлайн оқыту форматында «Қазақстан Республикасындағы климаттың өзгеруіне бейімделу» тақырыбында оқу курсы өткізетінің хабарлайды. Бұл курс АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен және АҚШ Экологиялық құқық институтымен (Environmental Law Institute) бірлесіп дайындалды.

Тренингтің мақсаты – климаттың өзгеруіне бейімделу, климаттың өзгеруінің экономикалық, экологиялық, әлеуметтік шығындармен тығыз байланысты және халықтың денсаулығы мен адамдардың өмір сапасына әсер ететін әртүрлі салаларға әсері туралы хабардарлықты арттыру және білім алу болып табылады. Тренингтің негізгі міндеті орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және барлық мүдделі тараптардың климаттың өзгеруіне бейімделу туралы Экологиялық кодекстің жаңа ережелерін түсінуін қамтамасыз ету болып табылады.

Климаттың өзгеруіне бейімделу алғаш рет Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген. «Климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы мемлекеттік басқару» Экологиялық кодексінің жаңа тарауында климаттың өзгеруіне бейімделу нормалары мен процестері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа құзыреттері көрсетілген. Бұл оқу курсы жаңа құқықтық талаптарды түсіндіреді және қызметкерлердің әлеуетін нығайтады, олар Экологиялық кодекстің ережелерін бейімдеуге байланысты жүзеге асырылуы керек.

Онлайн-оқу курсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін, өз кандидатураларыңызды a.batyrbekova@ecogeo.gov.kz. электрондық поштаға жіберу қажет болып табылады.

Байланыс үшін анықтама:

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар  министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті.

+7 701 049 49 49a.batyrbekova@ecogeo.gov.kz

Курс келесі мекен-жай бойынша қол жетімді болады : https://www.eli.org/ru/adaptationtraining