Алматы облысында вегетация маусымы табысты аяқталды

Ақпарат көзі – www.facebook.com/EcologyofKazakhstan

Биыл өңірдегі өзендерде судың аздығы байқалды.
Суармалы суды дер кезінде жіберу үшін «Қазсушар» РМК гидробекеттер мен су тораптарын салды.
Мамандар су режимін тәулік бойы бақылады.
Өңірдегі өзендерде су берілу тәртібін әзірленіп, жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлесесіп, су беру кестесі дайындалды.
Соның арқасында соңғы бір айдың ішінде өңірде су тапшылығы жойылып, жағдай тұрақталды.
Көрсетілген қызмет көлемі 441 880,0 мың текше метр суды, ал орындау көрсеткіші 120% құрап отыр.
Өңірде суармалы желілерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаға Ислам Даму Банкі 18 млрд теңге бөлді.
Алакөл, Ақсу, Көксу және Ескелді аудандарындағы жұмыстар аяқталуға жақын. Жалпы көлемі 35,4 мың гектарды құрайды.
Бұған қоса «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Көксу бөгетін реконструкциялау жүріп жатыр.
Суармалы су Ақсу, Ескелді, Қаратал, Панфилов, Үйғыр аудардары мен Қапшағай, Талдықорған қалаларына беріледі.
«Қазсушар» РМК Алматы облыстық бөлімшесінің балансында
15 су жинау торабы
9 су қоймасы
5 мың шақырымнан астам су тарату желілері бар.
Жергілікті шаруалар облыстағы суармалы жерлерге қажетті суды жеткізгені үшін су шаруашылығы мамандарына алғыс айтты.