Мағзұм Мырзағалиев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Трипати Шубдаршиниді қабылдады

2021 жылдың 27 тамыз күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Үндістанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Трипати Шубдаршинимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта сумен жабдықтау саласын цифрландыру, климаттың өзгеруі мен балық шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу мәселесін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты жандандыру мақсатында тараптар жоғарыда аталған салаларда өзара іс-қимылды егжей-тегжейлі пысықтауға келісті.

Дерек көз – gov.kz