ҚР ЭГТРМ мен С. Өтебаев атындағы АтМГУ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жыл 2 қыркүйек күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялық және ақпараттық әзірлемелер мен тәсілдерді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік -конструкторлық жұмыстарды қолдана отырып, экологиялық жобаларды іске асыру болып табылады.

Кездесу барысында Мағзұм Мырзағалиев меморандум жаңа экологиялық кодексті іске асыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Биыл 1 шілдеден бастап Экологиялық кодекс жаңа редакцияда күшіне енгені белгілі. Аталған меморандум қоршаған ортаны және экологияны қорғау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін мамандандырылған сараптама блогын құруда күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Өз кезегінде Гүлзада Шакуликова Университет қоршаған ортаны қорғау саласындағы заманауи әдістемелерді әзірлеу, экология саласындағы ІТ -шешімдер мен жобаларды әзірлеу және енгізу үшін университеттің сарапшылары мен зерттеушілерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтті.

Дерек көз – gov.kz