«Қазсушар» РМК Бас директоры Алтай Елжасов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Шардара ауданы шаруалармен жиын өткізіп, өңірдегі маңызды жобалардың бірі Жаушықұм алқабын суландыру мәселесін пысықтады.
Жиында бас директор облыс аумағында жаңадан айналымға қосылатын суармалы жерлердің ұлғаюуына аса мән берілетінін айтты. Айта кетсек, егер аталған жоба жүзеге асса Түркістан облысының егістік алқабы 12 мың гектарға ұлғаятын болады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Сондай-ақ Алтай Елжасов Шардара ауданындағы «Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» нысанының құрылысының автоматтандыру жұмысымен танысты. Бұл ретте филиал басшылығы тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, талқыға салынды. Шардара аграрлы аудан болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал егіншілік кәсіптің күре тамыры ағын су жүйелері екендігін ескерсек, бұл жобаның жүзеге асырылуы аймақ шаруалары, аудан тұрғандары үшін өте маңызды.
Сонымен қатар Алтай Елжасов Жетісай ауданының мәслихат депутаты М.Ділдәбековпен жүздесті. Онымен Жетісай ауданында Ислам даму банкі есебінен жоспарланған 210 дана тік дренажды ұңғыма құрылысын талқылады.
Дерек көз – gov.kz