24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Брекешев пен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектеновтың қатысуымен экология, геология және табиғи ресурстар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізілді.
Бейнеконференцбайланыс арқылы комитеттердің, құрылымдық бөлімшелердің, министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, министрліктің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылары қатысты.
Бірлескен кеңесте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері, министрліктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметі, мемлекеттік қызметтер мен бизнес-процестерді автоматтандыру, министрліктің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелері талқыланды.
Министрлік жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын ұйымдастырды, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары іске асырылып келеді. Министрліктің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бекітілді, онда іс-шаралар мен жауапты бөлімшелер бекітілді, азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел ден қою қамтамасыз етілді.
Барлық басшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жеке істеріне қоса тіркеу арқылы оларды сақтау туралы міндеттемелер қабылдады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Комплаенс-қызметтер құрылды, ISO 37001 стандарты енгізілуде.
«Адалдық алаңы» жобасы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу жөніндегі комиссиялардың, тәртіптік комиссиялардың қызметіне қатысады. «Адалдық алаңы» жобасының қатысуымен су саласындағы проблемалық нысандарға мониторинг жүргізілді және 2 нысан пайдалануға берілді (Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов топтық су құбыры және Қарағанды облысындағы Эскулин су құбыры).
Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектенов рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде аумақтық департаменттер мен инспекциялардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша проблемалық мәселелерге назар аударды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа бару себептерін жою бойынша ұсынымдар берді. Қажет жағдайда Агенттік көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша министр С.А. Брекешев барлық деңгейдегі басшыларға сеніп тапсырылған учаскелердегі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның талаптарын және барлық деңгейдегі басшылар қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау туралы міндеттемелерді мүлтіксіз сақтау, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан қоғамдық мониторингті тарту, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеру объектісіне бару және мемлекеттік қызметтер көрсету арқылы тікелей байланысты болдырмау мақсатында ішкі бизнес-процестерді автоматтандыруды тапсырды.
Дерек көз – gov.kz