Ірі ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту жоспарлау сатысында – ҚР ЭГТРМ

Ірі ластаушы заттардың шығарындыларын азайту жоспарлау сатысында, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
“Ірі ластауыштардың шығарындыларын азайту бойынша жүргізілген жұмыстардың кейбір мысалдарына қысқаша тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер. Осылайша, “Арселор Миттал Теміртау” болат департаменті отынды газға ауыстыру, электр сүзгілерін қайта құру есебінен шығарындыларды 30% – ға төмендетуді жоспарлап отыр”, – деді Брекешев бейсенбі күні Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, “Қазақмыс Смэлтинг” Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттары озық технологияларды қолдана отырып, жаңа күкірт-қышқыл цехтарын салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, “Қазмырыш” Өскемен меткомбинатында күкірт қышқылы зауытының жылу алмастырғыштарын ауыстыру қарастырылған, бұл шығарындыларды 21% – ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Тек Ақтөбе ферроқорытпа зауыты “Қазхром” ТҰК электр сүзгілерін орнатуды бастады, бұл шығарындыларды 27% – ға азайтуға мүмкіндік береді, деп қорытындылады Брекешев.