Кәдеге жарату жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk

Бүгін «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында онлайн режимде көлік құралдары үшін (жеңіл автомобиль, жүк көліктері, рекреациялық және арнайы техника) кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының 2-ші отырысы өтті. Отырысқа жұмыс тобының мүшелерінен басқа қауымдастықтардың, одақтар мен бизнестің, сондай-ақ «Кәдеге жарату алымына жол жоқ» қоғамдық қозғалысының, Қаржы, ұлттық экономика, индустрия министрліктерінің өкілдері де қатысты.

Отырыс барысында қатысушылардың ұсыныстары айтылды. Олар мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша қаралатын болады. Қабылданған шешімдер қарау нәтижелері бойынша жарияланатын болады.

Жұмыс тобының келесі отырысы 2022 жылғы 27 қаңтарда сағат 11:00-де өтеді. Бұл күнгі отырыс кабельдік-өткізгіш өнімі үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесіне арналмақ.