Экология министрі С. Брекешев кәдеге жарату алымы мәселелері бойынша офлайн кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk

Экология министрі Серікқали Брекешев бүгін кәдеге жарату алымы мәселелері бойынша алғашқы офлайн кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушілер қатысты.
Кеңес барысында министр кабель-өткізгіш өнімін кәдеге жарату алымының нөлдік мөлшерлемесі туралы шешім қабылданғанын, яғни кәдеге жарату төлемі алынбайтынын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 2 ақпанында ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Серікқали Аманғалиұлы кәдеге жарату алымын жинау жөніндегі функциялар мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ-ға толығымен берілгенін айтқан болатын.