Экология министрлігі көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=ru

Республика аумағындағы су тасқынына қарсы ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті «ҚазСуШар» РМК-мен бірлесіп бірқатар алдын алу шараларын жүргізуде. Бұл туралы комитет төрағасы Нұрлан Алдамжаров айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның барлық өңірлерінде су тасқынын өткізуге гидротехникалық құрылыстар дайындалды, тәулік бойы кезекшілік кестесі бекітілген.

«Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялармен бірлесіп ел аумағындағы су тасқыны мен жағдайға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Осы кезеңде елдімекендердің, әсіресе су басу қаупі бар жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Бүгінгі таңда гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде және алдағы су тасқынына дайын», – деді Су ресурстар комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров.

Еске салсақ, елімізде 300-ден астам үлкенді-кішілі су қоймасы бар. Оның 86-сы «ҚазСуШар» РМК-ға тиесілі. Кәсіпорынның балансындағы су қоймалары орта есеппен 40% – ға толтырылған. «Гидротехникалық нысанды толтыру кестесі су тасқыны көлеміне және оның өту уақытына, пайдаланушылардың су тұтыну көлеміне және бассейнаралық аударымдарға байланысты. Пайдалану ережелеріне сәйкес су қоймаларының көлемін азайтуға жол берілмейді, өйткені олар экономиканың барлық салалары мен қоршаған ортаның қажеттіліктерін қамтамасыз етеді», – деді төраға.

Айта кету керек, төтенше жағдай туындағанда және қолайсыз су тасқыны бола қалғанда өңірлерде қажетті автокөлік, арнайы техника, инертті материалдар, сорғы агрегаттары дайын.