Алмат Әбдікешов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Алмат Жанболатұлы Әбдікешов ҚР ЭГТРМ аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Алмат Әбдікешов 1984 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты» АҚ «Анненск» кенішінде бірінші разрядты өтушінің жерасты шәкірті лауазымынан бастады.

2007-2010 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі әкімшілендіру департаментінің директоры. 2016-2018 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Адам ресурстарымен жұмыс департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары болды.

Дереккөз: https://www.primeminister.kz/kz/hrpolitic/appointments/almat-abdikeshov-kr-ekologiya-geologiya-zhane-tabigi-resurstar-ministrliginin-apparat-basshysy-bolyp-tagayyndaldy-631246