Вице-министр Ә. Шалабекова ұлттық парктерді дамыту мәселелері бойынша қоғамшылдармен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін, Экология вице-министрі Ә.Шалабековамен кездесуде экобелсенділер, Қоғамдық кеңес мүшелері және БҰҰДБ өкілдері ұлттық табиғи парктерде экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан өзінің бірегей географиялық орналасуы есебінен экологиялық туризмді дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие, мұнда әлі де алуан түрлі ландшафттарда табиғаттың қол тимеген бұрыштарын табуға болады. Бұған туристік инфрақұрылымды дамыту және басқа да факторлар арқылы қол жеткізіледі.

«Біз үшін әрбір пікір мен ұсыныс маңызды», – деп атап өтті Әлия Шалабекова мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі талқылауда.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылардың бірі сарапшы В.В. Шуптар биоалуантүрлілікті сақтау және туризмді дамыту бойынша ұсыныс енгізді. Оларға ұсынылған есеп Ұлттық парктерді дамытудың негізіне алынатын болады.

Іс-шара барысында қатысушылар жұртшылықпен өзара іс-қимыл арқылы ұлттық табиғи парктерде экотуризмді дамыту әлеуетін арттыруға болады деген ортақ пікірге келді.

Осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.