Экология министрлігі «Kaznedra» жер қойнауын пайдалану платформасын уақтылы енгізу бойынша жұмысты күшейтеді Қайта оралу

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Үкіметте Экология министрі С.Брекешев Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкін іске қосу бөлігіндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмыс барысы туралы айтты.

Министрдің айтуынша, биылғы жылдың наурыз айында Экономиканы жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында «Kaznedra» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы аясында ақпараттық жүйені одан әрі іске асыру туралы ұсыныс қолдау тапқан.

Платформа ведомствоаралық болғандықтан, оған жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар қатысады. Қазіргі уақытта осы бағытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде.

«Осы жылдың соңына дейін деректер базасының құрылымы ретінде интерактивті карта, қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияға өтінімнің бизнес-процесі сияқты платформа компоненттері тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Экология министрлігі платформаны уақтылы енгізу бойынша жұмысты күшейтеді», – деп атап өтті С.Брекешев.

Анықтамалық:

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйені енгізу 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Конкурс 2019 жылы өткізілді, «Транстелеком» АҚ жеңімпаз болып танылды.

– Қаржыландыруды бекіту, жеткізушіні айқындау бойынша ұзақ рәсімдердің арқасында жобаны іске асыру мерзімі 2021 жылдың шілдесіне ауыстырылды. 2021 жыл ішінде ақпараттық жүйенің жұмыс қабілеттілігін тестілеу бірнеше рет өткізілді, бұл оның дайын еместігін көрсетті. «KPMG» тәуелсіз жобалық кеңсесінің бағалауы бойынша жоба тек 60%-ға ғана іске асырылды.

– 2,5 млрд.теңге мөлшеріндегі бюджет қаражаты Қазынашылық комитетінің шоттарында. Жеткізуші өз міндеттемелерін орындамауына байланысты қызметтерге ақы төлеу жүргізілген жоқ.