Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылауын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында жаңа Су кодексін әзірлеуді жүзеге асырады.

Жүргізіліп жатқан шығару жұмыс шеңберінде, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 8-тармағы талаптарына сәйкес Министрлік су ресурстарын қорғау және пайдалану саласында қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын әзірледі.

Осыған орай, Министрлік 2022 жылғы 3 тамызда сағат 15:00-де Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласында қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылауын өткізілетінін хабарлайды.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14148602 

Қоғамдық талқылаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс мекенжайы бойынша өтеді.

Талқылауға қатысам деушілер жеке өзі немесе Министрлік ұйымдастыратын бейнеконференция арқылы қатыса алады.

Қатысу форматын көрсете отырып,
қатысушылардың кандидатураларын 2022 жылдың 1 тамыздың сағат 18:00 дейін m.imanaliev@ecogeo.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.