“Қазгидромет” РМК Климаттық кадастрға қолжетімділікті ашады

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, 1 тамыздан бастап “Қазгидромет” РМК 2021 жылдан бері сақталған деректері бар мемлекеттік Климаттық кадастрға қолжетімділік ашады. Бұл кадастр алғаш рет әзірленді, соңғы уақытқа дейін “Қазгидромет” РМК тек гидрологиялық кадастрды ғана құрды, бірақ көпжылдық бақылаулар бойынша деректер базасы сақталып, 100 жылдан астам жинақталды.

Мемлекеттік Климаттық кадастр — метеорологиялық деректердің Климаттық базасы негізінде қалыптасқан ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және атмосфераның басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы, метеорологиялық ақпаратқа негізделген жүйелендірілген деректер жиынтығы.

Климаттық кадастр үш бөліктен тұрады:
1. Метеорологиялық айлық;
2. Метеорологиялық жылнамалар;
3. Қазақстан климаты бойынша анықтамалықтар.

Мемлекеттік Климаттық кадастрдың деректері, жалпы мақсаттағы ақпаратқа жатады. 2022 жылдың күзіне дейін “Қазгидромет” РМК тәулік, ай, жыл және одан да көп уақыт ішінде өңделген ақпаратты ұсыну платформасын іске қосады.
Климаттық кадастрды пайдаланушылар, бұл ақпаратты ғылыми, техникалық және іздестіру мақсаттарында пайдалана алады.

Гидрометеорологиялық ақпаратты тұтынушылар, деректерді “Қазгидромет” РМК сайтында, келесі платформадан ала алады: https://meteo.kazhydromet.kz/climate_kadastr/.