«Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясы өтетінін туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2022 жылғы 17 қыркүйекте  «Дүниежүзілік тазалық күні  (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынғы экологиялық акциясың өтетіндігін хабарлаймыз.

Акцияның мақсаты аумақты қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бастаманы қолдауды және осы акцияға қатысуды сұрайды.