Вице-министр Т. Момышев: «Қазақстан климаттың өзгеруі мәселелеріне көп көңіл бөледі»

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Экология вице-министрі Талғат Момышев пен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі тұрақты даму жөніндегі өңірлік директоры Самех Нагуиб Вахба мырза екіжақты кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау және Қазақстандағы табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясының жобасы әзірленгені, ол бойынша мүдделі тараптармен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен талқылау жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Осылайша, стратегия жобасында 2060 жылға қарай нөлдік шығарындыларға қол жеткізу электрлендіру, ЖЭК, сутегі энергетикасын дамыту, тұрақты биоэнергетика, көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау технологиялары (CCUS), сондай-ақ экономиканың барлық секторларында энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру есебінен көзделген.

«Экономиканы декарбонизациялау және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге қолдау көрсету және ынталандыру үшін біз парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыруға қолдау көрсетілетін карбон қорын құру қажет деп санаймыз. Сіздердің сарапшыларыңыздың қолдауымен басқа елдердің жұмыс істеп тұрған карбон қорларына талдау жүргізілді», – деді вице-министр.

Бұдан бөлек, Қазақстан тарапы ұлттық деңгейде айқындалған салымды (ҰДАС) жаңарту бойынша жұмыс жүргізуде. Парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға қарай 15%-ға қысқарту мақсаты өзгеріссіз қалады.

«Қазақстан климаттың өзгеруі және экономиканың осал секторларын бейімдеу мәселелеріне көп көңіл бөледі. Айта кетейік, климаттың өзгеруінің салдарын біз су ресурстарының қысқаруынан, биоалуантүрлілік жағдайынан және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптен көріп отырмыз. Осыны ескере отырып, заңнамада климаттың өзгеруінің теріс салдарын азайту мақсатында бейімдеу жөніндегі шараларды іске асыру үшін негіз қаланды. Бұл бағытта бізге қосымша қолдау қажет және Біз бейімделу әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа жобаларды іске асыру үшін Дүниежүзілік банкпен ынтымақтасуға дайынбыз», – деп атап өтті Т.Момышев.

Сондай-ақ, тараптар су шаруашылығы секторы мен Арал теңізі мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы халықаралық келісім аясында «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-фаза» жобасын іске асыру жалғасуда.