2021 жылға арналған қоршаған ортаның жай-күйі және ҚР табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми Интернет-ресурсында 2021 жылға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың драфт-жобасы жарияланды, сілтеме:

 https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/339998?lang=ru

Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен «Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндаманы әзірлеу және жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 5 тамыздағы № 297 бұйрығымен, елдегі нақты экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар ету үшін дайындалған.

Ұлттық баяндамада қамтылған ақпарат орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар ұсынған ресми материалдарға негізделеді.

Материалдарды жинау мен жүйелеуді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК («ҚОҚ АТО» РМК) орындады.

Пікірлер мен ұсыныстарды а. ж. 15 қыркүйегіне дейін nd-19@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады.

Ұлттық баяндаманың сонғы электрондық нұсқасы а.ж. желтоқсанның бірінші онкүндігінде ҚР ЭГТРМ сайтында жарияланатын болады.

Байланыс үшін: 8 (7172) 24-83-58.