“Фик Алел”АҚ қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының шағымдары бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында “ФИК Алел”АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында келесі заңдылықты бұзушылықтар анықталды:

? Өндірістік цехтың газ құбырында жыланкөздің болуы, қазандықтың электр қозғалтқышының газ құбырында герметизацияның болмауы.

?Қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырмау, олармен аумақтың қоқысталуы, сондай-ақ бұрын әкетілген қалдықтарды жерге көму.

?Көмір қоймасының белгіленген алаңын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын орындамау.

?Өлшенген заттар, аммиак, сульфат, хлорид, полифосфаттар бойынша эмиссиялардың белгіленген нормаларынан асып кету.

?Кәсіпорынның 2020-2021 жылдар аралығындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау. Бұл факті бойынша материалдар сотқа жолданды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұдан басқа, қалдықтар бөлігінде ремедиациялау бағдарламасын әзірлеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.