“Фик Алел”АҚ қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының шағымдары бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында “ФИК Алел”АҚ-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында келесі заңдылықты бұзушылықтар анықталды:

🔹 Өндірістік цехтың газ құбырында жыланкөздің болуы, қазандықтың электр қозғалтқышының газ құбырында герметизацияның болмауы.

🔹Қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастырмау, олармен аумақтың қоқысталуы, сондай-ақ бұрын әкетілген қалдықтарды жерге көму.

🔹Көмір қоймасының белгіленген алаңын ұлғайту бөлігінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын орындамау.

🔹Өлшенген заттар, аммиак, сульфат, хлорид, полифосфаттар бойынша эмиссиялардың белгіленген нормаларынан асып кету.

🔹Кәсіпорынның 2020-2021 жылдар аралығындағы профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жоймау. Бұл факті бойынша материалдар сотқа жолданды.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұдан басқа, қалдықтар бөлігінде ремедиациялау бағдарламасын әзірлеу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.