БҰҰ-да Приташкент трансшекаралық cу горизонты шеңберіндегі кеңес өтті

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2 қараша күні Алматы қаласы БҰҰ ғимаратында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы ұйымдастырған Приташкент трансшекаралық cу горизонты шеңберінде жерасты сулары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үшінші кеңес өтті.

Кеңеске ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің, Су ресурстары комитетінің, Трансшекаралық өзендер департаментінің, Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілдері, сондай-ақ мүдделі тараптар мен профилді институттардың өкілдері қатысты.

«Трансшекаралық су горизонттардағы жерасты суларының ресурстарын басқару» жобасы (ГГРЕТА) елдердің ынтымақтастығы үшін негіз ретінде ғылыми ынтымақтастық және Приташкент трансшекаралық су горизонтының (ТШСГ) ортақ математикалық моделін әзірлеу арқылы Приташкент ТШСГ бірлесіп басқаруды нығайтуға бағытталған.

Кездесу барысында жер асты сулары саласындағы ынтымақтастықты дамыту және жалғастыру перспективалары, оның ішінде Приташкент ТШСГ минералды суларын қорғау және орнықты пайдалану жөніндегі жол картасы, Приташкент ТШСГ әзірленген моделі бойынша ұсынымдарымен қорытынды есеп, сондай-ақ математикалық модельді практикалық пайдалану үшін Қазақстан мен Өзбекстанның тиісті мемлекеттік органдарына беру талқыланды.