2021 жылға арналған Қоршаған ортасының жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндамасы жарияланды

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің http://ecogeo.gov.kz/ru ресми интернет ресурсында және  https://ecogosfond.kz Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста 2021 жылға арналған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортасының жай-күйі және табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамасының (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды нұсқасы жарияланды.

Ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындады.

ҚР 02.01.2021 ж. №400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 23-бабы, 1-тармағына сәйкес, Ұлттық баяндама жыл сайын халықты елдегі экологиялық жағдай және оны жақсарту бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар ету үшін әзірленеді.

Ұлттық баяндамада ұсынылған ақпарат табиғат қорғау және жергілікті атқарушы органдардың, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың, қоғамдық экологиялық ұйымдардың 2021 жылғы бірлескен қызметінің нәтижелерін көрсетеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары ұсынған ресми материалдарға, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының деректеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық экологиялық және халықаралық ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына Ұлттық баяндаманы әзірлеу барысында берілген ақпарат пен консультациялар үшін алғысын білдіреді.

Ұлттық баяндаманың қағаз нұсқасымен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорынан танысуға болады.