Экология министрі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелерімен ірі өнеркәсіптік қалалардағы зиянды заттардың шығарындыларын азайту, заңсыз үйінділерді жою, биоәртүрлілікті сақтап қалпына келтіру және т.б. мәселелерін талқылау мақсатында сындарлы диалог өткізді.

«Қоғамдық кеңестің қызметі саланың маңызды мәселелерін шешуде қоғамдық пікірді ескеруге мүмкіндік береді және біз сіздердің белсенді ұстанымдарыңызға және министрлік жетекшілік ететін салаларды дамытудағы көмектеріңізге сенім артамыз», – деді ведомство басшысы кездесу аясында.

Қоғамдық кеңес мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу жұмысын күшейту қажеттігі туралы да өз ұсыныстарын айтты.

Зоология саласындағы кадр тапшылығын шешудегі түйткілді мәселелерді орман, балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі комиссия төрағасы Н.Оңғарбаев атап өтті.

Министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстарын қолдап, салалық департаменттер мен комитеттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Соңында З.Сүлейменова жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, бүгінгі көтерілген барлық түйткілді мәселелер мемлекеттік органның алдағы жұмысында көрініс табатынын жеткізді.