«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңын іске асыру барысы туралы өңірлерде

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылдың 17 ақпан күні Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Қ.Шәрбиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңын іске асыру барысы жөнінде кеңес өтті. Оған ауыл шаруашылығы мен ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Заң нормаларын тиімді іске асыру мақсатында Экология министрлігіне ұсыныстар жіберу ұсынылды. Сонымен қатар, зооқорғау ұйымдарын тарта отырып,  жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша халық арасында түсіндірме жұмысын күшейту қажеттілігі айтылды.