Атмосфераға шаң шығару фактісі бойынша өлшеулер жүргізілді

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылғы 29 наурызда @akiba_online @poleznyi_ekibastuzets беттерінде жарияланған атмосфераға шаң шығару фактісі бойынша өлшеулер жүргізілді

Екібастұз қаласында “Қазгидромет” РМК 2 стационарлық бақылау бекеті орналасқан. 29 наурыздағы жағдай бойынша Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 118/1 мекенжайындағы №1 атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бекеті шекті рұқсат етілген концентрациялар асып кеткенін тіркеген жоқ.

Жарияланым дәлелдерін егжей-тегжейлі тексеру үшін Департамент қызметкерлері “Екібастұзтеплоэнерго”ЖШС санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізді.

Өлшеу нәтижелері көміртегі оксиді бойынша 6,3 мг/м3 (ШРК 5,0), азот оксиді бойынша 0,527 мг/м3 (ШРК 0,5), шаң бойынша 0,638 мг/м3 (ШРК 0,5) асып кеткенін анықтады.

Қазіргі уақытта “Екібастұзтеплоэнерго”ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.