Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайты

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «жедел желісіне» келіп түскен хабарламалар жайында

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

«Қауырт желі» іске қосылғаннан бері жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы түрлі мәселелер бойынша 113 хабарлама келіп түсті. Олардың 58-і (көпшілігі бірдей фактіні қайталайды) хабарламалар құқық қорғау органдарына жіберілсе, 29 хабарлама жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Жануарларға көмек көрсету мақсатында, 13 хабарлама бойынша Орман шаруашылығы комитеті зообақылау ұйымдарын тартты. 2 факт ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберілді.

Сондай-ақ, «жедел желіге» жабайы жануарларға көмек көрсету бойынша 11 хабарлама келіп түсті, аталған фактілер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері әрекет етті.

Басты бетке